Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Абылкасымова Алма Есимбековна
Мемлекеттік және ведомстволық марапаттар:
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы (2002 ж.), Құрмет» ордені (2007 ж.), «Парасат» ордені (2018 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі (2021 ж.), Мемлекеттік мерейтойлық естелік медальдары (2006-2021 жж);
- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» марапат белгісі (2000 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2009 ж.), «Ы.Алтынсарин» марапат белгісі (2010 ж.), «Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдық мерейтойы» медалі (2024 ж.).
Негізгі жетістіктер: 600-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 30 монография, энциклопедиялық (білім және ғылым) және терминологиялық (математика) сөздіктер, көптеген оқу құралдары, жалпы білім беретін мектептерге (5-11 сынып) арналған математика оқулықтары бар. Академик Әбілқасымова А.Е. Қазақстанда үздіксіз педагогикалық білім беруді дамыту стратегиясы мен оқыту дидактикасына негізделген ғылыми мектептің негізін қалаушы. Ол еліміздегі жетекші ғалымдардың Ұлттық рейтингісіне енген, ғылыми мектебі бар – математиканы оқытудың дидактикасы мен әдістемесі бойынша 11 педагогика ғылымдарының докторы мен 32 ғылым кандидаты және білім беру математикасы бойынша 9 PhD доктор дайындаған. «ҚР Ұлттық ғылым академиясы Хабаршысы» (Педагогика. Экономика сериясы) журналының бас редакторы.
Ғылыми зерттеу саласы: орта және жоғары білім беру дидактикасы, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін дамыту әдіснамасы мен стратегиясы, білім беру стандарттары мен мазмұны, орта мектеп пен жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі.