Сайтқа қош келдіңіздер!

Жоба мақсаты – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғалымдарының педагогикалық мұрасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білімді дамытудағы үлесін насихаттау.

Ғалымдар дерекқорын пайдалана отырып, Қазақстандағы білім беру реформаларының хронологиясын жүйелеуге, Академия ғалымдарының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесімен танысуға және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға мүмкіндік аласыз.

Бұл сайт Академия ғалымдарының мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында құрылған.

Ғалымды іздеу:

Академия ғалымдарының галереясы

Абылкасымова Алма Есимбековна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Балыкбаев Тахир Оспанович

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Аймагамбетова Казына Аймагамбетқызы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Бахишева Светлана Мендыгалиевна

Педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.

Амирова Амина Слямхановна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Булатбаева Кульжанат Нурымжановна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

«Академия ғалымдары»

дерекқоры туралы

«Академия ғалымдары» порталы–Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары туралы тарихи жадыны сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды бастама. Бұл портал – қазақстандық білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдардың мұрасын жинақтауға, сақтауға және насихаттауға арналған. 2026 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрылғанына 105 жыл толады. Портал Академияның ғасырлық тарихында еңбек еткен ғалымдар жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, пайдаланушыларға білім беру саласындағы көрнекті тұлғалар туралы толық әрі шынайы ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Ғалымдардың жеке парақшаларында олардың ғылыми дәрежелері мен атақтары, мемлекеттік марапаттары, негізгі ғылыми жетістіктері және зерттеу бағыттары көрсетілген. Дерекқор үзіліссіз толықтырылып отырады:, жаңа есімдер, қосымша мәліметтер мен фотосуреттер енгізіліп,ақпараттық қордың мазмұны үздіксіз жаңартылып отырады. Бұл өз кезегінде Академия ғалымдарының мүрасын кеңінен танытуға және келешек ұрпақпен байланыстыруға септігін тигізеді.

 

Жобаның мақсаты – Академия ғалымдарының Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты зерделеуге мүмкіндік беретін, тарихты зерттеулер мен білім алмасуға арналған бірыңғай ақпараттық платформаны қалыптастыру.

Кері байланыс

Назар аударыңыз!

Егер веб-сайттан ғалым жөнінде қажетті мәліметті таба алмасаңыз, бізбен байланысып, арнайы өтініш толтыруыңызды сұраймыз.

Өтінішті жіберу

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі