Педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.

Бахишева Светлана Мендыгалиевна

Мемлекеттік және ведомстволық марапаттар: «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапат белгісі (2001 ж.), «Ыбырай Алтынсарин» марапат белгісі (2020 ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі (2024 ж.).

Негізгі жетістіктер: 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 20-дан астам оқулық пен оқу құралдарының, 3 монографияның авторы. Авторлық құқықпен қорғалған 6 ғылыми еңбектің авторлық куәлігіне ие. Университет жанындағы педагогикалық зерттеулер ғылыми зертханасының, инновациялық технологиялар және аралас оқыту орталығының жетекшісі. 2022–2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасы аясында «Цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау негізінде жоғары білім беруде аралас оқытуға арналған педагогикалық дизайн» тақырыбы бойынша табысты аяқталған ғылыми жобаның жетекшісі.

Ғылыми зерттеу саласы: білім беруді цифрлық трансформациялау, онлайн және аралас оқыту технологиялары, білім беруге жасанды интеллекті енгізу, педагогикалық дизайн және жобалау, цифрлық оқыту дидактикасы, білім беру менеджменті және т.б.