Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Балыкбаев Тахир Оспанович

Мемлекеттік және ведомстволық марапаттар:

  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2006 ж.), Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдары, «Парасат» ордені (2018 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасы (1993 ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы (2007 ж.), «Ыбырай Алтынсарин» (2009 ж.) марапат белгісі.

Негізгі жетістіктер: Білім беру және тестілеу мәселелері бойынша 170-тен астам ғылыми мақала, монография, оқулық және оқу құралдары, стандарттар мен нұсқаулықтардың авторы. Ресей білім беру информатизациясы академиясының академигі (2007 ж.), Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының шетелдік мүшесі (2010 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2013 – 2016 жж.), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі (2017 ж.), ҚР Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының мүшесі (2017 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы (2017 ж.), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті. Ресей Федерациясының Кәсіби білім беруді қолдау қорының А. Г. Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты.

Ғылыми зерттеу саласы: студенттер контингентін қалыптастырудың педагогикалық және технологиялық негіздері, Қазақстан Республикасының білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі, информатика пәні бойынша оқушылардың оқу нәтижелерін өлшеудің әдістемелік негіздері.