Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Булатбаева Кульжанат Нурымжановна
Мемлекеттік және ведомстволық марапаттар:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2021 ж.), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2021 ж.);
- «Ы. Алтынсарин» марапат белгісі (2005 ж.).
Негізгі жетістіктер: 200-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Екі педагогикалық технологияның әзірлеушісі: тілдік пәндерді оқытудың функционалды-коммуникативтік технологиясы (авторлық куәлігі, 2016 ж.), бейтілдік пәндерді екі тілде оқытудың когнитивті-коммуникативтік технологиясы (авторлық куәлігі, 2016 ж.). Көптілділікті дамыту жөніндегі ғылыми лингводидактикалық мектептің жетекшісі. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңестің және Қазақстандық және ресейлік ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2019» байқауының жеңімпазы, «Қазақстанның үздік профессоры» атағының иегері (2020 ж.). Педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты (2021 ж.).
Ғылыми зерттеу саласы: функционалды-семантикалық, коммуникативтік, когнитивтік лингвистика; социолингвистика; лингвомәдениеттану; салыстырмалы-салғастырмалы лингвистика; лингводидактика; ана тілі емес (соның ішінде шетел) тілін оқыту әдістемесі; кәсіби оқытудың теориясы мен практикасы; педагогика; дидактика.