Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Аймагамбетова Казына Аймагамбетқызы

Мемлекеттік және ведомстволық марапаттар:

  • «Курмет» ордені (2004 г.);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары.

Негізгі жетістіктер: 350-ден астам ғылыми еңбектің авторы, олардың қатарында «Жаратылыстану», «Қоршаған ортамен танысу», «1-сыныпта дүниетануды оқыту», «Шағын жинақты мектептерде табиғатты зерттеу», «4-сыныпта дүниетануды оқыту» атты оқулықтар бар. Қазақ тілінде жазылған алғашқы 2 сынып үшін «Жаратылыстану» оқулығының (1968 ж.) негізгі авторы. Бұл оқулық Мәскеуде өткен білім беру көрмесінде үш жыл қатарынан қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың бірі ретінде ұсынылған және одақтас республикалар арасындағы ана тілінде шыққан тұңғыш оқулықтардың бірі ретінде жоғары бағаланған.

Ғылыми зерттеу саласы: Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жасау, сондай-ақ «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу.